«Мен бейбітшілік жағдайында достық және ынтымақтастықты нығайту үшін екіжақты келіссөз жүргізгім келеді»,-деді Моди Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде.
Бұдан бұрынырақ Пәкістан Премьер-министрі Наваз Шариф те Үндістанмен келіссөз жүргізуге дайын екендігін айтқан еді. Сондай-ақ, ол Кашмир проблемасы Джамму мен Кашмир тұрғындарының талап-тілегіне сәйкес шешімін тапқанша түйіні қиын мәселеден қалыс қала алмайтындығын да атап өткен еді.
Еске сала кетсек, бұл даулы аймақ Үндістан мен Пәкістан арасындағы бірнеше рет қарулы қақтығысқа себеп болған еді.