Үндістан полициясы ер адам мен жыланның үйлену тойын болдырмай тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан полициясы Палпур штатының бір қыстағында тұратын ер адам мен жыланның үйлену тойын болдырмай тастады, деп жазады шетелдік БАҚ.

27 жастағы «күйеу жігіт» «қалыңдығы» жыланның өткен өмірде әдемі әйел болғандығын, оған ғашық екендігін айтып бақты. Өзі де түн ортасы ауғанда жыланға айналатындығын айтты.

Үйлену тойы салтанатына бірнеше мың адам жиналған. Алайда қарулы күштер той өтіп жатқан ғибадатханаға басып кіріп, күйеу жігіт пен оның әкесін қамауға алды.