Экс-президент Пранаб Мукерджи мен Рам Натх Ковинд ант қабылдау салтанатты шарасын өткізу үшін Нью-Делидегі ел парламентінің бас залында болды.
Салтанатты шараны «кресло алмастыру» кезінде бірнеше секунд ресми түрде ел президентінің міндетін атқарушы саналған Үндістан Жоғары сотының төрағасы Сингх Кехар жүргізді.
Салтанатты түрде ант қабылдағаннан кейін Ковинд жиналған қос палаталы парламент депуттаттары, мемлекет қайраткерлері, елдің қарулы күштерінің офицерлері және шетелдік дипломатиялық қызмет өкілдері мен басқа да қонақтар алдында сөз алды.
Айта кетейік, билік басындағы партия атынан президенттікке үміткер Рам Натх Ковинд 17 шілде күні өткен сайлауда 65,65 % дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.