Баяндаманы Бүкілүндістан медицина ғылымдары институтының (AIIMS) маманы әзірлеген. Ол 2011 жылдың қазанынан 2017 жылдың қарашасына дейін әлемде 259 адамның селфи түсіріп жатып, мерт болғанын анықтаған. Үндістанда осы кезеңде 159 адам қаза тапқан. Одан кейінгі орындарда осы көрсеткіш бойынша Ресей, АҚШ және Пәкістан тұр.
Баяндамада аталып өтілгендей, әлемдегі көз жұмғандардың басым бөлігі (72%) - жасы 30-дан төмен ер адамдар. Әйелдер ерлерге қарағанда көп селфи жасағанымен, олар қауіп-қатерге бой алдырмайды. Мысалы, шың басында немесе мұнараның ең биік төбесінде суретке түсе бермейді. Оның авторлары селфиге тыйым салынған орындарды ұйымдастыруға шақырып жатыр.