Бұл соңғы екі күнде жасалған екінші сынақ.
Армия өкілдері зымыранның ұшырылымы Үнді мұхитындағы Андаман және Никобар аралдары аумағында жүзеге асырылғанын хабарлады. Үндістандық First Post газетінің жазуынша, ракета көздеген нысанаға жетті.
Үндістан әскері осындай сынақты сейсенбі күні де өткізген болатын. Бүгінгі ұшырылым сәтті өткен 5-інші сынақ.