Үндістан Үкімет басшысы су тасқынынан зардап шеккен аудардарға 200 млн. доллар бөлетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди Кашмир штатындағы су тасқынын зардап шеккен аудандарды аралады, деп хабарлады ВВС.

Моди аймақта төтенше жағдай жариялап, зардап шеккендерге өтемақы ретінде 200 млн. доллар бөленітін айтты. Үкіметтің мәліметінше, Үндістан мен Пәкістандағы нөсер жаңбырдан пайда болған су тасқыны салдарынан 300-дей адам қаза тапты. Екі елдің құтқару қызметтері шалғай аудандарда қалып қойған он мыңдаған адамдарға әлі жете алмай отыр.