Үндістан жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат -

деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Басылымдардың жазуына қарағанда, зымыран ядролық жарылғыш затты алып ұшуға қабілетті әрі Қытай астанасына дейін жете алады.

Ұшырым елдің шығысындағы Орисса штаты жағалауынан, Бенгаль шығанағындағы Уилер аралынан мәскеу уақыты бойынша сағат 07:13-те іске асырылды. Аталған зымыранмен елдің әскерін жарақтандыру үшін әлі де бірнеше сынақ ұшырылымын жүзеге асыру қажет.

Айта кетейік, Үндістан зымыран жасаумен 1983 жылдан бері айналысып келеді.