Үндістанда 100-ден астам адам суыққа ұшырап, құрбан болды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында күннің суытуына байланысты кемінде 114 адам қаза болды, деп хабарлады РБК.

Соңғы тәуліктерде көшелерде кемінде 23 адам үсіп өлді, деп мәлімдеді полиция өкілі Сурендпа Шривастава.

Ауа райын болжау департаментінің мәліметтері бойынша, елде ауаның орташа температурасы әдеттегі климаттық нормадан 4-10 градусқа төмендеді.

Уттар-Прадеш штатында жергілікті өкімет орындары үйсіз-күйсіз жүргендерге жылы жамылғы таратуға пәрмен берді, дегенмен төрешілдік пен сыбайлас жемқорлықтың салдарынан бұл үдеріс ұзаққа созылуда. Жергілікті күркешелер мен барақтардың тұрғындары жылы киімдерге және жамылғыларға зәру, сондықтан да табиғаттың төсін мінезі оларды әбігерге салуда.

Республика астанасы - Нью-Делиде 1969 жылдан бергі ең төмен температура тіркелді, термометр бағаны 9,8 градусқа дейін төмендеді. Сонымен қатар Үндістанның солтүстігінде қалың тұманның салдарынан ылғалдылық күшейіп, апатты жағдайлар пайда болды. Бұл ауа райы құбылысы көптеген жол апаттарына әкеп соғуда.