Үндістанда 22 адам алкогольден уланып көз жұмды

НЬЮ-ДЕЛИ. Синьхуа- ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында кемінде 22 адам алкогольден уланып қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Билік орындарының мәлімдеуінше, штаттың батысындағы Алигарх қаласында болған оқиғаға байланысты алкоголь сататын бес дүкен жабылған. Олардан ішімдіктің үлгілері алынып, зертханалық сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, қайғылы жағдайға жол бергені үшін Уттар-Прадеш штатының акциз департаментінің кейбір лауазымды тұлғалары жұмыстан шеттетілді.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.