Үндістанда 23 жолаушы мінген тікұшақ апатқа ұшырады
14:33, 20 Сәуір 2011
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Үндістанның солтүстік-шығысында 23 жолаушы мінген тікұшақ апатқа ұшырады.
Кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Agence France-Presse.
Жолаушылар тікұшағынан өрт шығып, елдің солтүстік-шығыс шетіндегі Аруначал-Прадеш штатының Таванг қаласына жақын маңға құлап түсті.
Апат орнына жергілікті шұғыл қызметтердің қызметкерлері келді. Соңғы деректер бойынша, тікұшақ бортында екі бала болған.
Тік ұшақтың апатқа ұшырау себебі әзірге белгісіз.