Олар түсті ұнтақтан уланған. Айта кеткен жөн, бұл мереке кезінде дәстүр бойынша көпшілік бір-біріне түсті ұнтақ лақтырып ойнайды екен.
Шалғай жерден Мумбайға келген жасөспірімдердің көбісі осы мерекенің құрбаны болды. Олар демікпе, жүрек айну, дене бөрту сияқты диагнозбен ауруханаға жеткізілген.
Холли мерекесін тойлау барысында уланған 13 жастағы жасөспірім жан тәсілім етті. Қаза болған баланың жеке тұлғасы анықталу үстінде.
Үндістанның полициясы оқиғаның кінәлілерін іздестіруде. Елдің ескі дәстүрі бойынша үнділер наурыздың басында көктемнің мерекесін тойлайды екен. Олар ымырт түскенге дейін кемпірқосақтың түстері іспеттес ұнтақты бір-біріне жағып, жақсылық тілейтін көрінеді.