Үндістанда 25 адамды тоқ соғып, қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Раджастхан штатындағы Тонк қаласының маңында жоғары вольттық электр тасымалдау желілерінің сымы автобустың үстіне құлап, салдарынан оның ішінде отырған кем дегенде 25 адам қаза тапты.

Жергілікті NDTV телеарнасының мәліметтерінше, автобус үйлену тойының қонақтарын тасымалдап келе жатқан. Оқиға орнына құтқару қызметкерлері мен полицейлер келіп жетті.