Бес адамның денесі табылды, екі адам аман қалды, қалғандарының барлығы із-түссіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды Утро.ру.
Жол апаты Джамму қаласынан 170 шақырым жерде болған, автобус Пул-Дода-Тхатхрир кестесі бойынша тар жолда келе жатып, жолдан шығып кеткен. «Біз автобус жолдан шығып кетіп, Ченаб өзеніне құлағанда оның ішінде 32 жолаушы болғанын білеміз. Екі адам өздігінен шыққан», - делінеді Дода полиция басқармасының мәлімдемесінде.