Үндістанда адам ұрлаушылар қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан полицейлері осыдан ай бұрын жоғалған жапон студенттеріне қатысы болуы мүмкін деген 5 күдіктіні қолға түсірді, деп жазады khabar.kz.

Жоғары полиция комиссарының көмекшісі Калькутты Паллав Канти Гоштың айтуынша, олардың екеуі экскурсия жетекшісі ретінде жүріп, қыздарды ұрлаумен айналысқан. Соның нәтижесінде ұрылар Бихар штаты діни буддистер қаласы Бодх-Гая маңында жүрген туристке зорлық-зомбылық көрсеткен.

Ұрылардың кезекті қолына түскен қыз бала Варанаси қаласына қарай қашып, Калькуттедегі жапон елшісіне мән-жайды хабарлаған. Полицейлер жалғыз жүрген қыздарды ұрлауға көшкен ұйымдасқан топтың ісімен айналыспақ.