Жыртқыш аң төрт ай бұрын Пилибхит округіндегі қорықтан қашып кеткен. Содан бері ауылдарды аралап, өзіне қорек іздеген, ал қаңтар айында адамдарға шабуылдай бастаған. Жолбарысқа құрбан болғандардың көпшілігі далада ұйықтап жатқан.
11 ақпан күні жыртқыш аң округтегі елді мекендердің біріндегі түнгі күзетшіге тап берген. Балтамен және таяқпен қаруланған жергілікті тұрғындар жолбарысты іздеуге шыққан. Бірнеше сағаттан кейін оны орман күзетшілері тапты. Ол ер адам денесінің парша-паршасын шығарған. Жыртқыш аңды транквилизаторы бар кіші найзамен ұйықтатып, торға қамап, жергілікті тұрғындардың қарсылығына қарамастан Лакхнау зообағына алып кетті.