Аталған аумақта арнайы операция өткізілуде, яғни осы шараға жыртқышты тоқтату үшін арнайы торларды ұстаған тәртіп сақшылары мен пілдер жұмылдырылып отыр.
Жергілікті тұрғындар жолбарысты өлтіру керектігін талап етуде. Олардың пайымынша, жыртқыш аң өңірге қайта оралуы мүмкін.
Үндістанда планетадағы жабайы жолбарыстардың үштен екі бөлігі өмір сүруде. Олардың саны бұл елде үш мың екі жүзге жуық.
Жолбарыстар осы елдің заңымен қорғалады, алайда жануардың мекен ету ортасының азаюына байланысты, жолбарыстардың адамдар өмір сүретін жерлерге жиі шыға бастағаны байқалуда.