Үндістанда алаяқтар лайк арқылы $500 млн тапқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Hindustan Times хабарлауынша, оқиға 2015 жылы болған. 26 жастағы Анбухав Миттам достарымен бірге Ablaze Info Solutions Limited компаниясын ашып, бірден жарнамалау науқанын бастап кеткен.

Мұның шағын және орта бизнеске қолдау екенін айтып, адамдардан 5 рупий беріп, лайк басуын сұраған. Алғашында сервис қатысушылары шын мәнінде пайда тауып, туыстары мен достарын шақырған. Кейінірек, пирамида бұзылып, клиенттер полицияға шағым түсіруге мәжбүр болды. Енді барлық ұйымдастырушылар темір тордың ар жағында сот процесін күтіп отыр.