Үндістанда аптап ыстық құрбандарының саны 150 адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстік Андхра-Прадеш және Телангана штаттарында аптап ыстық салдарынан құрбан болғандар саны 150 адамнан асты. Бұған дейін 65 адамның көз жұмғаны айтылған еді, деп жазады РИА Новости.

Жергілікті NDTV телеарнасы хабарлағандай, Телангана штатында - 73 адам, ал Андхра-Прадеште - 80 тұрғын көз жұмған. Олардың басым бөлігі үйсіз-күйсіз адамдар.

Метеорологтардың хабарлауынша, жақын күндері бұл аймақтарда күн тағы да ыси түспек. Аталмыш штаттар биліктері тұрғындарды сақ болуға шақырып, оларға үйден шықпауға кеңес береді.

Айта кетейік, ауа температурасының 40 градустан асуы сәуір және мамыр айларында Үндістанның басым бөлігіне тән.