Үндістанда аптап ыстық: жергілікті билік күндіз тамақ пісіруге тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан билігі елдің кей аймақтарында өрттің алдын алу мақсатында күндіз тамақ пісіруге тыйым салды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Айта кетейік, соңғы уақыттарда Үндістанда құрғақ әрі қатты ыстық ауа райы аймақтарда өрт шығуға бірден-бір себеп болып отыр. Кей жерлерде ауа температурасы 44 градус Цельсийге дейін көтерілген.

Қауіпті аймақтардың қатарына Үндістанның солтүстік-батысындағы Бихар штаты кірді. Ол жерде билік жергілікті тұрғындарға сағат таңғы 9-дан кешкі 18-ге дейін тамақ пісіруге тыйым салды. Себебі ол жердегі үйлердің басым бөлігінің шатыры сабанмен жабылаған. Аймақта үнемі жел соғып тұрғандықтан шатырдан өрт шығуы мүмкін. Басылым жазғандай, осындай өрт салдарынан 79 адам, оның ішінде 10 бала қайтыс болған. Тамақ пісіруден бөлек елде отты қажет ететін кейбір діни жоралғыларды да жасауға да тыйым салды. Ережені бұзғандар қатаң жазаланатын болады.