Үндістанда аптап ыстықтан 166 адам көз жұмды
01:55, 20 Маусым 2023
НЬЮ-ДЕЛИ. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Үндістанда кейнгі бірнеше күнде аптап ыстықтан 166 адам көз жұмды, тағы жүздегені ауруханаға түсті. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, аптап ыстық Уттар Прадеш (119 адам қаза болды) және Бихар (47 адам) штаттарында тіркеліп отыр.
Бірқатар ауданда температура 43,5 градусқа жетті.
Бихар провинциясының әкімшілік орталығы – Патна қаласында 24 маусымға дейін каникул жарияланды.
Билік өкілдері күннің көзі ұясына батқанша ғимараттан тыс шықпауға үндеді.