Үндістанда аптап ыстықтан 167 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда бір жарым айдың ішінде аптапт ыстықтан 167 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24.kz.

Порталдың хабарлауынша, қайтыс болған азаматтардың барлығы Телингана штатының тұрғындары. Өйткені соңғы уақытта өңірде ауа температурасы 40 градустан төмен түспей тұр. Тіпті термометр бағаны 47 градусты көрсеткен күндер де болған. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар «аптап ыстық әлі біраз уақыт сақталады» деп топшылайды.

Айта кеткен жөн, былтыр Үндістанда ауа райының осындай қолайсыздығынан 700-ге жуық адам көз жұмған. Өйткені 2016 жыл елдің метеобақылау тарихындағы ең ыстық жыл ретінде тіркелген.