Бұған дейін 150 адамның қаза болғаны туралы хабарланған болатын. Марқұмдардың жартысына жуығы - Андхра-Прадеш пен Теленган штатының тұрғындары. Бұл аймақтарда ауаның температурасы 47 градусқа дейін көтерілген. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша әлі ауызсу аса тапшы аймақтардағы 330 млн адамның өміріне қауіп төніп тұр. Айта кету керек, Үндістанда ең ыстық кезең - сәуір мен маусым айлары. Өткен жылы күннің ыстық болуынан 2,5 мың үнді азаматы қаза тапқан.
19:47, 23 Сәуір 2016
Үндістанда аптап ыстықтан 220 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда екі апта бойы сақталған аптап ыстықтың салдарынан 220 адам көз жұмды, деп хабарлады www.24.kz.