Үндістанда асау толқын 20 студентті шайып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Химачал-Прадеш штатында Манали қаласына экскурсияға кеткен 24 студент із-түссіз жоғалып кетті. Оларды тоғаннан көтерілген су басып, өзенге ағызып жіберді, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға өткен жексенбіде Беас өзенінің жағасында орын алды. Суретке түсуге аялдаған студенттерді жанында салынып жатқан гидроэлектростансаның резевуарынан көтерілген су басып, толқынмен өзенге қарай ағызып жіберген. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті билік студенттердің бәрі бірдей тірі табылатынына күмәнді. Ал тұрғындар мен туристер болса, ашуға мініп, наразылықтарын білдіру үшін Беас өзенінің маңындағы жолды жауып тастады. Олар билікті судың көтерілетіні жайлы дер кезінде хабарламағаны үшін кінәлауда.