Үндістанда ата-аналары құлдыққа сатқан жүздеген бала босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Хайдарбад қаласындағы жасырын фабрикаларда құлдықта жүрген 400-ге жуық бала полицейлер жүргізген рейд барысында босатылды.

Сонымен қатар балалардың саудасымен айналысқан 30-дан астам адам қолға түсті, деп хабарлады Утро.ру

Рейд нәтижесінде ата-аналары 5000 - 10 000 рупийге ($80-160) сатқан балалар табылды.

Бұлар тар әрі лас жерлерде күніне кідіріссіз 16 сағаттан жұмыс істеуге мәжбүр болған. Олардың барлығы дерлік тері ауруларына шалдыққан және азып-тозып кеткен.