Бұл жоспарды Ауаның ластануын қадағалайтын Орталық департамент пен Канпурдегі Технологиялық институт мамандары ұсынды, деп хабарлайды The Economic Times газеті.
10 қарашада басталатын операцияға ұшақтар жұмылдырылмақ. Олар бұлттарға жауын-шашын шақыратын арнайы заттарды шашады.
Айта кеткен жөн,үнді астанасы - әлемдегі ауасы ең лас қала.
5 қарашада Үндістанның Дели Ұлттық астаналық аймағында ауаның ластану деңгейі ДДСҰ-ның орнатқан қауіпті нормасынан 25 есе көп болды.