Үндістанда ауылға кіріп келген жабайы арыстандар тұрғындардың зәресін алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Гуджарат штатындағы ауылда көшеде пайда болған жабайы азиялық арыстандар жергілікті тұрғындардың зәресін алды. Бұл туралы Indiatvnews.com. сайты хабарлады.

Үш жыртқыш Гуджарат оңтүстігіндегі Гигасан ауылы жақтан келді. Олар елді мекен шекарасындағы алаңды асықпай еңсеріп, Гигасан көшесінен өтті. Олар ауылдан шамамен он минуттан кейін кетті.

Қорыққан шаруалар жұмыстарын тастай қашты. Гигасан тұрғындарының бірі  қауіпсіз жерде тұрып арыстандарды түсіріп алған.

Жергілікті тұрғындар олар азиялық арыстандар сақталған әлемдегі жалғыз орын - көрші Гирск қорығынан келген деп болжауда. Оның аумағы 312-ге дейін көбейген арыстандарға қоректену үшін аздық еткендіктен, олар жаңа тіршілік көзін іздеуге мәжбүр.

?wmode=transparent" frameborder="0" allowfullscreen>