Үндістанда автобус 300 метрлік құздан ұшып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде жеке меншік автобустың 300 метрлік құздан құлап кетуі салдарынан 17 адам қаза тапты. Тағы 5 адам жарақат алған. Апаттың неден орын алғанын анықтау үстінде, деп жазады Вести.Ru.

Автобус Уттаракханд штатының Чамоли округіндегі соңғы аялдамасына небары жарты шақырым қалғанда бар жылдамдығымен құздан ұшып кеткен, делінген хабарламада.