Дерек көзінің айтуынша, Карнул округінің аумағындағы Мадар Пурам елді мекені маңында жолда микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, 14 адам оқиға орнында көз жұмған. Қайтыс тақандардың арасында баланың болғандығы да айтылады. Төрт адам, оның ішінде екі бала ауыр жарақат алды.
Басылымның мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаға жіберілген, олардың жағдайы ауыр.
Полицияның айтуынша, апатқа микроавтобустың ұйықтап кеткен жүргізуші немесе көліктің жарылған шинасы себеп болуы мүмкін.