Өңір полициясының деректері бойынша апат салдарынан 13 адам қаза тауып, 11 жолаушы зардап шеккен, біреуі хабар-ошарсыз кетті.
Штат билігі оқиға орнына медициналық ұшақ жіберді. Ол жараланғандарды Дехрадун қаласына ауруханаға жеткізбек. Үндістандағы Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Татьяна Копылева құрбандар саны нақтыланып жатқанын мәлім етті. Оның айтуынша, 13 немесе 14 ресейлік қайтыс болған. Елшілікке басқа ақпарат түспеген. Ресей туроператорлары қауымдастығының атқарушы директоры Майя Ломидзе «Интерфакста» 13 ресейлік туристтің қаза тапқанын растады. Олар Үндістанның солтүстігі бойынша саяхаттаған діндарлар болуы мүмкін деген болжам бар. «Бұл жерде буддистерге арналған киелі орындар жетерлік. Негізі қаза тапқандар туристер болмауы мүмкін, олар турфирма көмегіне жүгінбей, өз беттерінше сол орындарды аралауға шыққан болуы мүмкін», - деді ол. Ломидзе сондай-ақ туристерді Үндістанға жіберумен айналысатын бірде-бір ресейлік фирма әзірге автобуста өз клиенттері болғанын екенін растаған жоқ деп қосты.