Үндістанда автобус бөгенге құлап, 14 бала көз жұмды

АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігінде автобус жолдан шығып кетіп, бөгенге құлады. Апаттың салдыран 14 оқушы мерт болды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС агенттігі.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, жүргізуші сол жақтан келе жатқан мотоцикльмен соқтығыспаудың амалын қарастыра отырып, басқару тетігіне ие бола алмай қалған. Жол-көлік апаты орын алғанда автобуста 40 бала болған еді.

Қазіргі уақытта 14 баланың мәйіті табылды, бірнеше жеткіншек құтқарылды. Полиция мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған іздестіру жұмыстары жалғасуда.