үндістанның оңтүстік-батысындағы Карнатака штатындағы көлге құлап кетті. Апат салдарынан 28 адам қаза тапты: оның 24-і әйел, үшеуі бала мен автобус жүргізушісі. Тек екі жолаушы ғана ажалдан аман қалды, деп хабарлайды Би-Би-Си-ге сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг.
Апат 14 желтоқсанда кешқұрым болды. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға автобус жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін сақтамауы себеп болған. Дегенмен, тау жолының нөсерден кейінгі жағдайы да сын көтермей тұрғанын ескеру керек.