Үндістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 19 адам мерт болды
12:44, 20 Ақпан 2020
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында автобустың жүк көлігімен соқтығысуы кезінде кем дегенде 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
PTI ақпарат агенттігінің мәліметінше, оқиға Тирипур округінде тасжолда орын алған.
Оның дерегінше, автобуста 50 жолаушы болған.