Үндістанда автобустың құзға құлауы салдарынан 17 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда автобустың құзға құлауы салдарынан 17 адам қаза тауып, кем дегенде 35 адам зардап шекті. Бұл туралы жексенбі күні Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қолда бар мәліметтер бойынша, жексенбі күні таңертең Мумбаи-Пуна көлік магистралімен қозғалып келе жатқан жолаушылар автобусы екі жеңіл автомобильмен соқтығысып, одан кейін құзға құлады.

Қайғылы оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады ТАСС.