Үндістанда әйел басының ішінен тірі тарақан табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Ченнаи қаласының дәрігерлері әйел басының ішінен тарақан тауып алды, бассүйектің ішінде де жәндік тірі қалған, деп хабарлады India.com порталы.

Түн ішінде 42 жастағы әйелдің мұрны қышыған. Кейінірек тыныс алуы қиындап, жергілікті ауруханаға барған. Дәрігерлер төртінші талпыныстан кейін ғана, науқастың басында жәндік бар екенін анықтай алды.

 Дәрігерлердің хабарлауынша, мұрын арқылы ішке енген тарақан бас миына өте жақын кеңсірікте тұрып қалған. Жәндікті алуға 45 минут уақыт жұмсалды.