Үндістанда азайып кеткен Бенгал жолбарысының саны өсіп келеді
16:16, 20 Қаңтар 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы төрт жылда Бенгал жолбарыстарының популяциясы 30 пайызға өскен, деп хабарлады ВВС Үндістан елінің Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Министрліктің есебінде, атап айтқанда, қазіргі кезде елде 2 226 жолбарыс бар екені, ал 2010 жылы олардың саны 1706 болғаны көрсетілген.
Үндістанда әлемдегі жолбарыстардың 70-ке жуық пайызы мекен етеді.
ХХ ғасырдың соңында бұл жануарлардың популяциясы күрт қысқарып кеткен.