«Бихарүкіметі әр қаза тапқан адамның туыстарына $5,7 мың көлемінде ақшалай өтемақы төлейді», - депмәлімдеді жергілікті билік өкілдері. Аталып өтілгендей, табиғи апаттан көзжұмғандар арасында әйелдер мен балалар бар. Апат болған аумақта іздеу-құтқаруоперациясы жүргізіліп жатыр.
Бұдан бұрынБихар штатында су тасқынынан 102 адам және жай түсіп тағы 11 адам мерт болғаныхабарланды.
Маусымныңсоңында Оңтүстік Азияға соңғы он жылдағы ең күшті муссон келді. Толассыз жауғанжаңбырдан көлік қозғалысы қиындап, ғимараттар қирады және қайғылы оқиғалар көпболды.