Үндістанда бір тәулікте 30-дан астам адам найзағай соғып, ажал құшты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістансолтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында өткен тәулікте кем дегенде 32 адамға жайтүсіп, мерт қылған. NDTV телеарнасының хабарлауынша, бұған қоса тағы 13 адам зардап шеккен.
Қазір Үндістан аумақтарына муссон нөсеріжауатын маусым. Мұхиттан құрлыққа қарай соғатын муссон желдері салдарынан үздіксіз қуатты найзағайлар жарқылдайды.
Өткен тәулікте жай түсіп, қаза тапқандар саны күртартты. Әсіресе Ганг өзенінің жағасында орналасқан Канпур және Фатехпурқалаларында адам шығыны көп. Бұлардыңәрбірінде найзағайдан бес адамнан өлген.
Штат үкіметі құрбан болғандардың туыстарынажәне жапа шеккендерге көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Флоридаштатындағы жағажайда сегіз адамның найзағайдан жапа шеккенін хабарлаған едік.