Үндістанда бірнеше адам мінген Ан-32 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістан Әуе қарулы күштерінің Ан-32 әскери-көлік ұшағы ұшу кезінде радардан жоғалып кетті. Бұл туралы дүйсенбі Times of India газеті хабарлады.

Жоғалып кеткен ұшақтың бортында экипаждың сегіз мүшесі мен бес жолаушы болған. Ол Үндістанның солтүстік-шығысында Ассам штаты Джорхат қаласындағы әуежайынан ұшқан.

Із-түзсіз жоғалған әскери-көлік ұшағын іздеуге Су-30 жойғышы мен арнайы операциялар жүргізетін С-130 (Си-130) әскери ұшағы жіберілді.