Үндістанда биші сахнада көз жұмды
02:34, 04 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда өнер көрсетіп жатқан биші сахнада есінен танып, көз жұмды. Бұл туралы «Хабар 24» жазады.
Қайғылы оқиға Үндістанның Паравур қаласында болған.
Оманакуттан есімді 48 жастағы биші жергілікті ғибадатханаларының бірінде өтіп жатқан халық билерінің фестивалінде сахнада билеп тұрған кезінде есінен танып құлаған. Ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ер адамның өліміне не себеп болғаны жайлы айтылмаған.