«Русская служба новостей» хабарлап отырғандай, оқиға елдің шығысында болды.
Болат қорытушылар жағымсыз жаңалықты бірнеше күн өзара талқыға салды, ал бейсенбі күні кешкісін кәсіпорынға менеджерлердің бірі келгенде, сіркесі су көтермей жүрген жұмысшылардың жүйкесі сыр бере бастады. Келіссөздер әлі басталмаса да, болат қорытушылар менеджердің көлігіне бензин құйып өртеп жіберді. Нәтижесінде, денесінің 90 пайызын күйік шалған менеджер ауруханада қайтыс болды. Ал қысқарту мәселесі қалай шешілгені туралы ақпарат көзі хабарламапты.