Үндістанда болған ірі жол апатынан 27 адам қаза тапты

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде болған ірі жол-көлік апатынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, тағы 25 жолаушы жарақат алды,

деп жазады Утро. Ру агенттігі.

Апат дүйсенбі күні Химачал-Прадеш штатындағы Биласпур таулы аймағында болған, алайда бұл оқиға туралы хабар көп уақыт өткеннен кейін белгілі болған. 50-ден астам жолаушы мінген автобус 1000 фут (0,3048 м) тереңдіктегі сайға құлап кеткен.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, автобус жүргізушісі қараңғыда жолдың біткендігін көрмей қалған. Жолаушылардың көбі апат орнына көз жұмды.