Үндістанда діни ғибадатханадағы өрттен 60-тан астам адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстік батысындағы Керал штатындағы діни ғибадатханадағы өрттен бастапқы мәлімет бойынша 62 адам қаза тапқан, деп жазады India Today газеті.

Оқиға бүгін таңертең болған, алапат өрттің шығуына діни рәсім кезінде пайдаланылатын от шашу себепші болған.

Жарақат алғандардың барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Ал ғибадатхана толығымен өртеніп кетті.

Штаттың бас министрі мен ішкі істер басшысы төтенше оқиға болған жерге кейінірек келетіндігі жария етілді.