Ағайынды Дилрадж бен Дилкер бір-бірінен айнымастай ұқсас апалы-сіңлілі Рима мен Ринаға үйленді, деп хабарлайды India Today.
Үйлену рәсімін сондай-ақ ағалы-інілі егіздер болып табылатын дін қызметшілерінің өткізгені қызықты болды. Бұдан басқа, жас жұбайларға рәсім кезінде көмектескен ұл-қыздар да бір-бірінің «сыңарлары» болған.