28 жастағы жас ана құрсағында сиам егіздерін көтеріп жүргенін білмеген, себебі ақша болмағандықтан, ұрықтың бастапқы даму сатысында ультрадыбыс жасатуға мүмкіндіктері болмаған, деп хабарлайды The Daily Mail.
Кесір тілігі арқылы дүниеге келген қыз баланың екі басы, екі мойны бар, ал денесі біреу. Шақалақ жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның осы дүниеде қалуы екі талай деп отыр. Қыздың басы екеу, денесі бір болғандықтан, оны ажырату бойынша отаны жасай алмайды.