Үндістанда екі пойыз соқтығысып қалды

АСТАНА.  Қазанның  21-і. ҚазАқпарат -     Үндістанның  солтүстігінде  екі пойыз соқтығысып  қалды,    түрлі мәліметтер   бойынша  2 адамнан 15  адамға дейін  опат болған,  ондаған адам  вагондардан  шыға алмай   жатыр,

 деп   хабарлайды  «РИА  «Новости» агенттігі.

Франс Пресс  агенттігінің   деректеріне қарағанда,   оқиға сәрсенбі күні  Матхур қаласына  жақын  маңда  орын  алған.         Жергілікті   билік  өкілі  Суреш Чандра Шарманың  «Ассошиэйтед Пресс»   агенттігіне    хабарлауынша, пойыздар    Нью-Делидің  оңтүстік-шығысына  қарай   130 шақырымдай  жерде         соқтығысқан.  Дерек көздердің  мәліметтері бойынша, Mewar Express   пойызы      семафордың  қызыл     белгісіне  тоқтаған, содан кейін оның  артынан басқа  пойыз соқтығысқан.

Құтқарушылар    вагондарда қалып  қойған адамдарды  шығаруға  әркет жасауда.