Өткен жұма күнінде үш бала қайтыс болған. Көз жұмған және сырқатқа ұшыраған балалардың көпшілігі кедей отбасыларынан шыққан. Індет ошағы - Гая қаласының төңірегі.
«220-ға жуық бала ауруханаларға жатқызылды, дәрігерлер олардың 20-сының өмірі үшін арпалысуда», - деп хабарлады ақпарат агенттігіне жергілікті өкімет өкілі.
Дәрігерлер медикаменттер мен жабдықтар жетіспейтіндігін алға тартады. Медиктерде тіпті заманауи жабдықтар жоқ, инфекцияға «энцефалит» диагнозы ауру белгілеріне қарай қойылуда. Сырқаттардың қан сынамасы басқа штаттарға жіберілген.
Штаттың денсаулық сақтау министрі Ашвани Кумар Чубеи баспасөзде мәлімдеме жасап, өкімет орындары ауруханаларда төтенше жағдай жариялағанын айтты. Гая қаласына қосымша дәрігерлер бригадалары аттандырылған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Гая төңірегінде энцефалит індеті 2005, 2007 және 2009 жылдары тіркелген. Әр жолы бұл ауру ондаған баланың өмірін қиып кетті.