Үндістанда ерлер ғана кіретін ғибадатхананы әйелдер «басып алмақ» болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Махараштра штатының полициясы наным бойынша тек ерлер ғана кіруге рұқсат етілген ғибадатханаға басып кірмек болған бір топ әйелдің жолына тосқауыл жасады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Аталған топ өздерін «Жер ананың жауынгер әйелдері» деп атайды. Олар бұған дейін аталмыш индуистік ғибадатхананың ішіне кіреміз деп мәлімдеген.

Бір топ әйел шіркеуге жаяу келіп кірмек болған, алайда полиция кедергі жасаса қажет болар деп, алдын ала тікұшақ жалдап алыпты. Олар төбесі ашық, сырты қоршау қабырғалы шіркеудің үстінен ұшып келіп арқан баспалдақпен ішке түсуді жоспарлаған.
Діни ғимараттың ішінде жергілікті тұрғындар қасиетті санайтын тас орнатылған.
Қарсылық шарасына мыңға жуық әйелдер қатысқан, деп мәлімдеді ұйымдастырушылар. Алайда олардың жоспары іске аспады. Өйткені ғибадатхананы 600 полицей қоршап тұрған.