Үндістанда ежелгі рәсім кезінде саяхатшыны жылан шағып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Раджастхан штатында ежелгі «жыланмен арбау» қойылымы қайғылы жағдаймен аяқталды. Шоуға қатысқан ер адам кобраның уынан көз жұмды, деп хабарлайды Daily Mail-ға сілтемемен «Хабар 24».

Оқиға куәгері ежелгі үнді рәсімін жазып алған. Көз жұмған саяхатшы жыланның қалай шағып алғанын білмей қалған екен. Бірер минуттан кейін ол айналадағылардан көмек сұрап, есінен танып, өліп кеткен.