PTI ақпараттық агенттігі, атап айтқанда, бас хатшысы Аваниш Авастхи аталмыш ақпаратты растады. Оның айтуынша, қазіргі таңда жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 10 адамды құрап отыр. Сондай-ақ, 15 адам ауыр жарақат алған.
Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі бірнеше адам ғимараттың ішінде, үйінді астында қалып қойған. Қазіргі таңда үйінді астынан адамдарды шығару үшін құтқару операциясы жүріп жатыр.
Үндістанның Уттар-Прадеш штатының бас министрі Йоги Адитьянат тиісті тұлғаларға жараланған адамдарға қажет медициналық көмекті көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, ол көз жұмғандардың отбасыына қайғырып көңіл айтты.