Құтқарушылар қызметі құрбандарды іздестіруді жалғастыруда. Ондаған үйлер жанып кетті. Билік жақын маңдағы ауыл тұрғындарын шұғыл қауіпсіз жерге көшіре бастады.
Газ құбырындағы өртті ауыздықтау үшін бірнеше сағат кетті.
Жарылыстың неден болғаны белгісіз.
Хабарламалардың біріне қарағанда, ызалы жергілікті тұрғындар жақын маңдағы мұнай өңдеу зауытына шабуылдаған. Олар тас лақтырып, мүлікті зақымдаған.